Мерзімді баспасөз тіліндегі көнерген сөздердің әсерлілігі
Ключевые слова:
Көнерген сөздер, мерзімді баспасөз тілі, ықпал ету қызметі, семантика, әсерлілікАннотация
Әдеби тілдің даму үдерісі, сөзқолданыстағы тілдің актив және пассив қабатындағы динамикалық өзгерістер, тілдің барлық дерлік аспектісіне қатысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдары тілінде толық және айқын көрінеді. Соның ішінде мәтіндік дерекқор көлемі, таралымы, ресмилігі, әдеби тілге тигізер ықпалы тұрғысынан мерзімді баспасөз тілі зерттеу жұмыстарының негізгі нысанына айналып отыр. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы әр түрлі ғылым салаларына қатысты неологизмдер және кірме сөздермен қатар, көнерген, ескі сөздердің пассив қордан, актив қорға өтіп қайта жаңғыруымен толығып жатыр. Қоғамның тілдік қолданысында бұрынғы мағынасына жаңа мағына үстелген немесе коннотациялық мағынасында жиі жұмсалатын, ескі кітаби лексикалық бірліктерді БАҚ құралдарынан көптеп кездестіруге болады. Осы орайда мерзімді баспасөз тіліндегі көнерген сөздердің қолданысын семантикалық, прагматикалық, стильдік тұрғыдан талдау маңызы өзектенеді. Зерттеу барысында теориялық тұжырымдарды сипаттау, талдау әлемдік лингвистика және қазақ тіл біліміндегі пікірлерді саралау әдістері қолданылды. Сонымен қатар көнерген сөздердің сөздіктегі мағынасы мен қазіргі мерзімді баспасөз тіліндегі қолданысындағы семантикалық ерекшеліктері салыстыра талданды. Берілген мақалада бүгінгі тілдік жағдаяттарды талдап, тану мақсатында мерзімді баспасөз тіліндегі көнерген сөздердің әсерлілік қызметі айқындалды.