Қазіргі түркі тілдеріндегі лексикалық динамика: қазақыландыру тәжірибесі және нәтижелер
Anahtar Kelimeler:
қазіргі түркі тілдері, лексикалық қор, лексикалық динамика, қазақыландыру, лексикалық жаңалықтар.Özet
Түркітанудағы диахронды зерттеулерде түркі тілдеріне ортақ базалық лексикалық қор толыққанды дәйектелген. Базалық лексикалық қорды сақтау және оның шеңберін ұлғайту тұтастай түркі тілдерінің өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Бұл түркі тілдерінің арасындағы дивергенцияның алдын алады. Алайда қазіргі түркі тілдеріндегі динамикалық үдерістер тілдер арасындағы ортақ белгілердің алшақтауына алып келіп отыр. Әсіресе сөздік қордың қазіргі көрінісі түркі тілдерінде лексикалық жаңалықтарды ұсынуда басшылыққа алатын ортақ ұстанымдардың жоқ екендігін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, дәнекер тілдің немесе донор тілдің заңдылығын сақтай отырып, шеттілдік атауды тікелей қабылдау түркі тілдерінде әлі
де сақталып келеді. Десе де, біршама түркі тілдерінде жаңа ұғымдарға, шеттілдік кірме сөздерге атау ұсыну үшін тілдің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану тенденциясы да байқалады. Соның бір дәлелі – соңғы отыз жыл көлемінде жүзеге асырылып келе жатқан қазақыландыру үдерісі. Қазақыландыру үдерісінің нәтижелерін қазақ тілінің лексикалық жаңалықтардыигерудегі әлеуетін танытатын, қазіргі түркі тілдері үшін де пайдалы, табысты тәжірибе ретінде бағалауға болады. Мақалада қазіргі түркі тілдерінің лексикалық динамикасына сипаттама беріледі және қазақ тіліндегі
лексикалық жаңалықтарды игерудегі қазақыландыру тәжірибесіне және оның нәтижелеріне талдау жасалады.